Алматыдағы «Барлық» базарында өрт шықты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Әлеуметтік желіде кадрлар пайда болды. Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, шынымен де «Барлық» базары аумағында өрт шыққан. Фаст-фуд сататын істемей тұрған дүңгіршектер өртенген.
«Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Сағат 14:55-те өрт оқшауланды. Өрт 7 минутта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр», — деді Алматы Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
«Барлық» базары Райымбек даңғылының бойында «Алтын Орда» базарына қарама-қарсы орналасқан.