Алматы қаласында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінде лифт құлап, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Arda-ақпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 30 қарашада болған. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу дерегі бойынша тергеу басталған.
«Іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу). Фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.