Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 11 сәуір 2023 жылы Алматы уақыты бойынша сағат 17:02-де жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8.
- MPV магнитудасы 4,6.
- Эпицентр координаттары 43,81° солтүстік, 77,46° шығыс.
- Тереңдігі 15 шақырым.
Сырттағы белгілері туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) түскен жоқ.