Алматы мен Әзербайжан астанасы Баку арасында тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мәлім етілгендей, авиарейс ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және белсенді араласуымен іске қосылып отыр.
«Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясының ұшақтары Бакуден Алматыға аптасына екі рет — сейсенбі және жұма күндері ұйымдастырылады.
Сондай-ақ 16 наурыздан «Әзербайжан әуежолдары» авиакомпаниясы дүйсенбі және бейсенбі күндері Бакуден Астанаға, ал сейсенбі және жұма күндері Астанадан Бакуге сапарын бастап кеткен болатын.
«Алматы — Орталық Азияның ең ірі, ең дамыған және тартымды туристік бағыттарының бірі және Әзербайжан авиакомпаниясының өкілдері бұл пікірді қолдайды. Біздің министрлік басқа елдермен тікелей әуе рейстерінің санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады», — деп атап өтті Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.