3 желтоқсанда Исламабад қаласында (Пәкістан) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі 11-ші отырыс өтті, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
Жиналыс шеңберінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасының бас директоры Хакан Мұртаза мырзамен кездесуі өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның авиациялық билігі арасында келісімге қол қойылды.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде қазақстандық «SCAT» авиакомпаниясы 2023 жылғы наурыздан бастап Воеіпg 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде Алматы – Лахор (аптасына 2 рейс) және Алматы – Карачи (аптасына 2 рейс) бағыттары бойынша тікелей жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Пәкістан арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.