Вторник, 26 ноября, 2024

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады

Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталады. Мұндай жағдай 54 жыл бұрын болған, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT. 

Синоптиктердің мәліметінше, 12 қаңтарда түнде Алматыда екі температуралық рекорд тіркелген. 

«Минимум температура «Шымбұлақта» тіркелді. Ол жерде ауа температурасы -27,8 градусқа дейін жетті. Бұған дейін қаңтардағы аяз 1969 жылы тіркелген болатын, шамамен -27 градус. 

Сонымен қатар, «Мыңжылқы» метеостанциясында температура рекорды тіркелді. Бұған дейін ол аймақта қаңтарда -32 градус тіркелсе, 12 қаңтарда -32,4 градус болды», — дейді Алматы және Алматы облысы бойынша Қазгидромет филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Қисебаев. 

Оның сөзінше, биыл Алматыда қаңтар салыстырмалы түрде аяз қатты.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған