Понедельник, 25 ноября, 2024

Алтай Көлгінов: Басты міндеттердің бірі – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу

Жатақхана құрылысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тез арада жетілдіру керек. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

«Келесі маңызды мәселе – жоғары білім саласын дамыту жұмыстарын жалғастыру. Мемлекет басшысы отандық жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, жастардың сапалы білім алуына қажетті жағдайлар жасауды тапсырды. Басты міндеттердің бірі – студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешу», — деді вице-премьер ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше, бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет қаралып, нақты шешімдер пысықталған.

«Оны біз орындауымыз қажет. Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірге университеттер мен құрылыс компаниялары арасында жатақхана құрылысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін тез арада жетілдіруі керек. Студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз ету мәселесін жүйелі шешу мақсатында университет ректорлары әкімдіктермен, инвесторлармен бірге белсенді жұмыс жүргізуі тиіс», — деді Алтай Көлгінов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған