Алтай Көлгінов өзінің Премьер-Министр орынбасары болып тағайындалуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arda-ақпарат.
«Білесіз бе, мен әкім болып 11 жылдан астам уақыт жұмыс істеппін. Сондықтан бұл дамудың жаңа кезеңі, жаңа жауапкершілік деп ойлаймын. Осыған дейін әріптестеріммен бірге өңірлік деңгейде атқарған жұмыстарды енді барлық өңір бойынша атқарамыз», — деді Алтай Көлгінов Үкіметтің кеңейтілген отрысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, ол жаңа қызметте тағайындалғандағы сезімі туралы айтып берді.
«Тек үлкен жауапкершілік (сезінемін — ред) сол ғана. Істейтін жұмыс сол баяғыдай, тек бүкіл өңірлер бойынша атқарамыз. Отбасым менің мемлекеттік қызметкер екенімді түсінеді және тек қолдау көрсетеді», — деді Астананың экс-әкімі.