Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Алтын белгі» алу үшін ата-аналар түрлі заңсыз әрекетке баратынын жеткізді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Алтын белгі» баладан гөрі, ата-анаға қажет сынды. Себебі, ата-ана мақтану үшін, «Алтын белгіні«баласы алу үшін барлық жайтқа барады. Егер жемқорлық фактілері осы атақты алу үшін жиі тіркелетін болса, онда бұл белгіні беру қаншалықты қажет деген сұрақ түрінде жұмыс істейтін боламыз. Себебі, білім сатылмау керек, сапа болуы керек», — деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Дәл қазір Талдықорғанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Д. Малахов және оқу-ағарту министрінің қатысумен жиын өтуде. Шараға ағарту саласының барлық мамандары қатысуда.
Бұған дейін министрліктің ең көп заң бұзушылықпен мұғалімдерді қабылдау фактілері тіркелген аймақтарды атағанын жазған болатынбыз. Мұндай жағдай бойынша Алматы облысының Қарасай ауданы көш бастап тұр.