Среда, 27 ноября, 2024

«AMANAT» партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған