Понедельник, 25 ноября, 2024

Ән-күй сабағына домбырада ойнауды үйретеді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова депутаттардың қазақтың ұлттық домбыра аспабына қатысты жолдаған сауалына жауап берді. Оның айтуынша, мектепте ән-күй сабағында домбырада ойнауды үйрету оқу бағдарламасына енгізілген. 1-6 сыныптарда аптасына бір сағаттан оқытылады.

Оның айтуынша, мектептерде ән-күй сабағында домбыра аспабын үйрету оқу бағдарламасына енгізілген. Сондай-ақ елдегі 160 музыка мектебінде 60 мыңдай оқушы оқиды. Қосымша білім беру салаларында да домбыра үйірмелері жұмыс істейді. Атап айтқанда, 468 үйірмеге 40 мыңдай оқушы қатысады.
Мәдениет және ақпарат министрлігі радио және телеарналарда домбыра аспабының құндылығын насихаттау мақсатында кешенді түрде жұмыс жүргізіп жатыр.

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Премьер-министрдің орынбасары теріс ағым жетегіндегі адамдармен жұмысты күшейту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Қазіргі таңда уәкілетті орган құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, осы салада жүйелі жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл ретте, деструктивті діни идеологияның халық арасында таралуына жол бермеу жөніндегі 2023-2024 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленіп, іске асырылып жатыр.Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура және басқа да мемлекеттік органдармен 2023-2025 жылдарға арналған спорт саласындағы деструктивті діни идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған жол картасының жобасы әзірленді», — делінген вице-премьердің ресми жауабында.

Қазіргі уақытта дін саласындағы білім беру бойынша негізгі құжат – 14 мамандықтан тұратын «діни қызмет саласындағы кәсіби стандарт» әзірленіп жатыр.

Сонымен қатар Үкіметте дін мәселесі бойынша өңірлердегі теолог мамандар мен құзырлы органдардың қатысуымен кездесу өтті. Солардың ұсыныстары негізінде әзірленген Жол картасының жобасы қосымша пысықталып жатыр.

Сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, заңнаманы жетілдіру мәселесі («Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы») жоспарланып отыр. Онда кейбір нормалар қайта қаралып, ұғымдар нақтыланады.

ARDA-Aqparat  

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған