Бәліш сатып жүрген қыздың әрекеті желі қолданушыларының көңілін босатқан сыңайлы, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Видео авторы бәліш сатып жүрген қызға бірнеше сұрақ қояды. Қыз анасы науқастанып жатқанын оның дәрісіне қаражат керектігін айтқан. Және «Үйде 7 қызбыз» деген ол бәліштерді әпкесі пісіріп беретінін айтады. Видео авторы қызға бәліші үшін 30 000 теңге береді.
Желі қолданушылары «Анасы жазылып кетсін», «Талабына нұр жаусын» деген сынды тілектерін жеткізіп жатыр.