Четверг, 28 ноября, 2024

«Аңсаған сәби» бағдарламасы: 4500 сәби дүниеге келді

Биыл 2023 жылға өңірлер бөлінісінде барлық 7 000 квота бөлінді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қазақстанда бедеуліктен зардап шегетін пациенттердің міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде экстракорпоралдық ұрықтандыру арқылы медициналық көмек алу құқығы заңнамалық түрде бекітілген. Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап ЭКҰ-ға квоталарды 7 есеге арттыра отырып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

Президент тапсырмасын сапалы іске асыру мақсатында ДСМ еліміздің жетекші бейінді мамандары қатарынан жұмыс тобын құрып, «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бекітті, тиісті НҚА әзірледі.

Жалпы алғанда, фертилдік жастағы әйелдер мен ерлердің санын ескере отырып, өңірлер бөлінісінде ЭКҰ жүргізуге жыл сайын 7 000 квота бөлінеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдар бөлінісінде ЭКҰ қызметтерінің көлемін орналастырды. МӘМС шеңберінде мемлекеттік қызметті 19 клиника (оның ішінде 3 мемлекеттік, 16 жеке) ұсынады. Ай сайын орындалған бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізеді.

Мұның бәрі МӘМС жүйесінде 2030 жылға дейін жыл сайын дайындалған ЭКҰ пациенттерінің барынша көп санын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған