Среда, 27 ноября, 2024

Әнші Мәдина Сәдуақасова жалғыз ұлының құны 4 миллион теңге тұратын мектепте оқитынын айтты

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованың жалғыз ұлы Әнуар Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы мектепте оқиды. Өнер иесі оқу жылына қалай дайындалғаны туралы НТК арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Әнші Мәдина Сәдуақасова ұлын оқу жылына еш қарбалассыз дайындалған. Себебі құны 4 миллион теңге тұратын мектеп оқушыларды оқуға қежетті жабыдықтармен және мектеп формасымен қамтамасыз етеді.

“Бүгін алғашқы оқу күні. Біз жақсы дайындалдық. Бұл мектепте барлығы бар. Біз ештеңе сатып алмаймыз. Бізге “Балаңыздың мектеп формасы дайын, алып кетіңіздер” деп хабарлама келеді. Оқу жылының басталуынаекі апта қалғанда алып кетеміз. Сол киімімізді үтіктеп, дайындап, 15 минутта жиналып келдік. Мектепке 450 мың теңге төлейміз. Алғаш түскен кезде 300 мың теңге төлегенбіз, қазір бағасын 450 мыңға көтеріп қойды. Бірақ оның ішіне бәрі кіреді. Тіпті өшіргіш дейтін майда-шүйдеге бас ауыртпаймыз”, – дейді Мәдина Сәдуақасова.

Алайда әнші уақыттың тығыздығына байланысты жылының төрт күнін ғана ұлына арнайды.

“Мен жылына төрт күнімді ұлыма арнап, концерт, мерекелік шаралардан бас тартамын. Әунардың туған күні, яғни 17 маусым, Білім күні, 8 наурыз және Жаңа жылда ұлымның жанында боламын. Бұл күндердің қатарына тіпті күйеуімнің туған күні кірмейді”, – деп күлді өнер иесі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған