Әнші Наркенже Серікбаеваның жолдасы өмірден озды. Бұл туралы өнердегі әріптес әпкесі Мақпал Жүнісова әлеуметтік парақшасына жазды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Мақпал Жүнісова әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Сіңлім, қайғыңа ортақпын. Жолдасыңның иманы саламат болсын. Алла сабыр берсін өзіңе», — деп жазды Мақпал Жүнісова.
Әншінің парақшасындағы марқұм күйеуімен түскен бейнежазбаға желі қолданушылары да көңіл айтып, пікір жазып жатыр.