Среда, 27 ноября, 2024

Әнші Нұржан Қалжан алғаш рет жұбайын көрсетті

“Бұлбұл құсым” деп шырқаған әнші Нұржан Қалжан көпшілікке отбасын көрсетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Әншінің келіншегімен және қызымен түскен суретін отандық тележүргізуші Анна Данченко өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Нұржан Қалжан “Жұлдызды шаңырақта” бағдарламасына түсті. Аталмыш жобада отандық шоу-бизнес өкілдері баспанасын көрсетіп, отбасымен таныстырады.

“Ал, Биссмилляh деп, “Жұлдызды шаңырақта” жобасының жаңа маусымын бастадық. Нұржан Қалжан алғаш рет отбасымен таныстырды”, – деп жазды Анна Данченко.

Желідегі суреттерден әншінің жұбайы Ақмарал мен қызын көруге болады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған