Понедельник, 25 ноября, 2024

Апорт еліміздің бренді болып тіркелді

Еліміздің Әділет министрі Азамат Есқараев Алматының апорты Қазақстан бренді ретінде тіркелгенін мәлімдеді.
«Апорт жөнінде Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуанышпен хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсеттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында жүрді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жеткізуде», — деді Әділет министрі Үкімет кулуарында.

ARDA-Aqparat

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған