Четверг, 28 ноября, 2024

Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаевамен арақатынасын айтты

Танымал әнші Ақерке Бүркітбай енесі Роза Рымбаевамен арақатынасы туралы әңгімеледі. Бұл туралы ол «Мамский әңгіме» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Өнер иесі енесіне шын жүректен алғысын жеткізді. Ол әсіресе, босанғаннан кейін енесінің тарапынан үлкен қолдау сезінгенін айтты.

«Анамызға үлкен рақмет айтқым келеді. Өте үлкен қолдау көрсетті. Екі ұлды дүниеге алып келді. Зейіннің әжесі, мамамызға үлкен рақмет. «Сізге рақмет» деп айтып бере алмаймыз, қазір үйреніп жүрмін. Іштегі сезімді бөлісуді қазір үйреніп жүрмін. Біз көрші тұрамыз. Қырық күнге дейін сорпасын дайындап, тамағымды дайындап, өзінің үйінен қазанмен тамақ көтеріп маған алып келіп беріп жүрген кезі болды. Өте үлкен қолдау көрдім. Ананы ана түсінеді ғой», — дейді ол.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған