Четверг, 28 ноября, 2024

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды

Ақмола облысында суға батып кеткен 53 жастағы тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

4 маусым күні Целиноград ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қараменді батыр 53 жастағы ауыл тұрғынының Мортық ауылының маңында Есіл өзенінде суға батып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Полиция қызметкерлері оқиға орынын тексеріп, денені визуалды тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Барлық куәгерлерден жауап алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция азаматтардан судағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, қоғамдық жерде алкогольді ішуге жол берілмеуі туралы сұрайды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған