Четверг, 28 ноября, 2024

Ақмола полицейлері 20 жыл бойы іздеуде жүрген қылмыскерді анықтады

Осы жылдар бойы ер адам Ресей Федерациясының аумағында жасырынып, тіпті басқа мемлекеттің азаматтығын алып, отбасын құрған, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ол 20 жыл бойы адамдар тобында қарақшылық шабуыл жасағаны үшін іздеуде болды. ҚР ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігі (ескі редакцияда) қарастырылған қылмыс 2003 жылдың мамырында жасалған.

Сол уақытта 27 жастағы ер адам қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгеріп, Ингушетия Республикасының аумағында ұзақ уақыт тығылып жүрген. 20 жыл бойы Ақмола полицейлері оның орналасқан жерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатқан емес.

2023 жылдың маусымында жасалған қылмысқа қатысы бар қылмыскер 20 жыл өткен соң Малгобек қаласында анықталды.

Ер адамның отбасы мен төрт баласы бар екендігі белгілі болды. Ол Қазақстанда жасалған қылмысты ұмытпаған және өзінің қатысы бар екендігін жоққа шығармады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған