Ақмола облысында Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
2023 жылғы 20 сәуір күні Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Елінің ерке серісі» Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына арналған әдеби кеш өтті.
Шараға онлайн және офлайн режимде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері және Ақмола облысының Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері «Senim» жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Қабдөшұлы Какенов және облыстың медициналық ұйымдарының бас дәрігерлері, Көкшетау жоғарғы медициналық колледж студенттері қатысты.
Мұндай атаулы күндерге орайластырып өткізілген шаралар ұлттық құндылықтың, оның мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өз септігін тигізеді.