Вторник, 26 ноября, 2024

Ақмолалық полицейлер 100 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған

Ақмолалық полиция қызметкерлері 100 миллион теңгеден аса қаражат жымқырған, — деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ведомство мәліметінше, Целиноград аудандық сотының үкімімен Ақмола облысы полиция департаменті патруль полиция ротасының командирі полиция подполковнигі Талғат Ерденов пен патруль полиция ротасының аға инженері полиция капитаны Махсат Жаманбаев орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде жазасын өтеуге 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу барысында Ерденов пен Жаманбаевтың алдын ала сөз байласу арқылы ЖЖМ-ге сеніп тапсырылған талондарды жымқырып, 100 миллион теңгеден аса шығын келтірген.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған