Четверг, 28 ноября, 2024

Ақордада Ильхам Әлиевті салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды, деп жазады ARDA-AKPARAT.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұраннан кейін Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Ту алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Еске салайық, Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған