Четверг, 28 ноября, 2024

Ақордада Сингапур Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Сингапур Президенті Халима Якобты Ақордада салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Құрмет қарауылының бастығы Мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың Әнұрандары орындалды.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған