Понедельник, 25 ноября, 2024

Ақпараттық-талдау орталығына А.Байтұрсынұлының есімі берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ақпараттық-талдау орталығының» атауы «А. Байтұрсынұлы атындағы Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығы» АҚ болып өзгертілмек.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында көрсетілген, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы А. Байтұрсынұлы атындағы Білімді зерттеу мен бағалаудың ұлттық орталығы акционерлік қоғамы болып аталсын. Қазіргі уақытта «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Ұлттық білім беру деректер қоры» АЖ көрсеткіштері негізінде білім беру саласындағы зерттеу қызметімен айналысады. Сонымен қоса, талдау жұмыстарын жүргізеді және білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы әзірлейді. Орталық Қазақстанда білім сапасын бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (PISA, PBTS, TALIS, TIMSS, ICILS, PIRLS) қатысуы арқылы білім сапасын бағалауды жүзеге асырады», — деп жазылған қаулыда.

Құжатта көрсетілгендей, бұл бастама Ахмет Байтұрсынұлының ағарту ісіндегі тарихи рөлін ескере отырып ұсынылған. Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.

Қауылыны ашық талқылау 5 желтоқсанға дейін жалғасады.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған