Среда, 27 ноября, 2024

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға келді. Бұл туралы оның жанындағы журналистер желіде хабарлады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Дипломатиялық тілші Иэн Марлоу өзінің Twitter-дегі парақшасында Энтони Блинкен мінген ұшақ түнде елорда әуежайына қонғанын хабарлады.

«Біз қазір ғана Астанаға қондық. Қазақстанға мемлекеттік хатшы Блинкеннің Орталық Азияға және Үндістанға сапары аясында келдік (Сыртқы істер министрлерінің G20 кездесуі)», — деп жазды ол.

Энтони Блинкеннің Астана келгені жайлы АҚШ мемлекеттік департаментінің журналисі Шон Тендон да өзінің Twitter-дегі парақшасына хабарлады.

«Блинкеннің Орталық Азияға сапары басталды. Оны түнгі 2-де Астанада қарсы алды. Ауа температура- 8°C», -деп жазды Тендон.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған