Среда, 27 ноября, 2024

«Ақша таппайтын, баласы бар қызды ата-анасы да үйіне алғысы келмейді»: танымал коуч ажырасу жайлы

Танымал коуч Роза Әшірбаева күйеуі көзіне шөп салса да, әйелдердің кетпей, ажыраспай отыруының себебін айтты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Психологтың айтуынша, бұрын еркектер әйелдерді тек ақшамен ғана ұстай алатын еді.

«Еркектер әйелді ақшамен қысатын. Сол арқылы беделін ұстайтын. «Мен саған ақша беріп жатырмын, сені асырап жатырмын, мен салған үйде тұрып жатсың, балаларымды алам да, қуып жіберем, ажырасам» деп айтатын. Қыздар, қазір ондай емес қой? Мына заманның мүмкіндігін қолданыңдар, әр кезде өз ақшаң болсын. «Күйеуім көзіме шөп салды, бірақ әке-шешем келме» деп отыр деп жазады. Ақша таппайтын, мойнында екі-үш баласы бар қызын ата-аналар үйіне алғысы келмейді», — деді Роза Әшірбаева.

Коучтың айтуынша, мына заманда еркектің қалтасына қарауды қою керек.

«Әке-шешең кіргізбейді, күйеуің білгенін істейді. Қайда барасың? Амал жоқтан көніп отырасың. Сондықтан әйелдердің өз ақшасы болуы керек. Ешкімге тәуелді болмауы керек», — деді Роза Әшірбаева.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған