Среда, 27 ноября, 2024

Ақтау әкімдігі жұмыс істемейтін әжетханалар үшін 87 млн теңге жұмсаған

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Ақтаудағы қоғамдық әжетханаларға қатысты мемлекеттік сатып алуды зерделеп, модульдік әжетханаларды орнату бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қою рәсімдеріндегі сәйкессіздіктерді анықтады, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Ақтау қаласының әкімдігі қалалық жағалауда 5 қоғамдық әжетхана орнатқаны белгілі болды. Бірақ тұрғындар әжетханаларды пайдалана алмауда.

«Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі жұмыстардың нақты орындалмағанына қарамастан, шартқа қол қойылғаннан кейін 2 күн өткен соң жеткізушіге 87 млн теңге көлемінде толық соманы аударған. Бұл факт ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді және тиісті тексеру жүргізу үшін ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілді. Аудиторлық тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар расталған жағдайда, заңда белгіленген тәртіппен шаралар қабылданатын болады», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған