Сыртқы істер министрлігі Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесін беру және үкіметтің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Ақтау теңіз сауда портына халықаралық маңызы бар теңіз порты мәртебесі берілсін», — деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар, құжатта «Ақтау теңіз сауда порты» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтау Интернешнл» Ұлттық компаниясы» АҚ атауын өзгерту туралы көрсетілген.
Жоба мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 шілдедегі жаңа геосаяси жағдайларда республиканың көлік-транзиттік әлеуетін дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берген тапсырмасына сәйкес әзірленген. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев теңіз порттарын Каспий теңізінің жетекші тораптарының біріне айналдыруды тапсырды.
Құжат Ашық НҚА сайтында 27 сәуірге дейін талқылауға ұсынылған.