Четверг, 28 ноября, 2024

Ақтау тұрғыны теңіз жағасын қоқысқа толтырып кеткен демалушылардың әрекетіне күйінді

Демалыс күндері теңіз жағасында отбасымен демалмақ болған Ақтау тұрғыны Анна Мурашко жағалауды қоқысқа толтырып кеткен демалушылардың әрекетіне күйінді, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қала тұрғынының сөзінше, теңіз жағасы, ондағы жол жиектері табиғатта ұзақ уақыт ыдырайтын полиэтилен пакеттері мен пластик бөтелкелерге толып қалған.

«Отбасымызбен теңізге бардық! Бұл – сұмдық! «Монтажник» базасынан кейін құдды бір қалалық қоқыс төгетін жер басталатын сияқты! Әр қадам сайын қоқыс жатыр: жағажайға кіреберіс, жағажайдың өзі қоқысқа толы!

Қалай ғана адамдар өзі тұратын жерге осылай қарайды? Пластик қызған кезде әр тіршілік иесінің ағзасын улайтын токсиндер бөледі. Қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша пластикпен үлкен проблема бар! Жануарлар өліп, адамдар улануда!

Егер әркім өзінен кейін саналы түрде қоқыстарды жинап кетсе, онда жағдай сәл болса да жақсармай ма!», – деп жазды Ақтау тұрғыны Анна Мурашко.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған