Ақтауда полицейлер үйдің шатырынан секірмек болған 17 жасар қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
22 мамыр күні полиция инспекторлары Исламбек Шаржан мен Әзімбек Саттар, патрульдік полицейлер Ғалым Қожамұратов пен Руслан Жұмабаев 27-шағын аудан мекенжайына жедел шақырту бойынша барды.
«Шатырға көтерілген полицейлер 17 жастағы қызға төменге секіруге жол бермей, оны ұстап қалып, отырған жерінен көтеріп алды», — деп жазды ведомстводан.
Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырды. Жасөспірім кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторға тапсырылды.