Вторник, 26 ноября, 2024

Ақтауда ер адамның үстіне 6-қабаттан диван құлап кетті

Ақтау қаласының 39 жастағы тұрғынының үстіне көпқабатты үйдің терезесінен диван құлап кетті. Ер адам ауыр жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленуші сал болып қалған.

«Дәрігерлер оған мойын омыртқасының сынуы, жұлынның ауыр жарақаты деген диагноз қойды», — деп түсіндірді аурухананың баспасөз қызметі.
Inaktau.kz сайтының хабарлауынша, ауруханаға түскен ер адамның туыстары оқиғаның куәгерлерін іздеп жатыр. Жәбірленушінің ағасының айтуынша, 11 қаңтар күні күндіз, болжам бойынша, 11-шағын аудандағы үйлердің бірінің алтыншы қабатындағы терезеден диванның бұрышы ер адамның үстіне құлаған. Туыстары жасөспірімдер кінәлі болуы мүмкін деп отыр. Диван 6-қабаттағы терезеден лақтырылған.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Аталмыш факті ҚР Қылмыстық кодексінің 114-бабы (Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру) бойынша Ақтау қаласы Ішкі істер басқармасы Төтенше жағдайлар комитетіне тіркелді», — деді Маңғыстау облысының Полиция департаменті.

Бұған дейін Павлодарда тоғызыншы қабаттың балконынан құрылыс қалдықтары лақтырылған еді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған