Пятница, 29 ноября, 2024

Ақтауда тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, бір адам қайтыс болды

Ақтауда 9 шағынаудандағы тұрғын үйдің кіреберісіндегі маңдайша құлап, үш адам зардап шекті. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Қайғылы оқиға бүгін, 11 мамырда қаладағы 9-шағынауданға қарасты №4 үйде болған.

«Зардап шеккен бір адамды құтқару мүмкін болмады, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Тағы екеуі ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі.

Аурухана өкілдері зардап шеккендердің екеуі қазір медициналық тексеруден өтіп жатқанын, біреуінің аяғы сынғанын мәлім етті. Олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендердің мердігер компанияның қызметкерлері екені белгілі болды. Ер адамдар бетон қалқаны жөндеп жатқан.

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған