Среда, 27 ноября, 2024

Ақтаулықтарды 7 млн теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

Ақтауда алаяқ әйел тұрғындарды 7 млн теңгеге жуық қаржыға алдап кеткен, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алаяққа алданып қалған тұрғындар полицияға арызбен жүгінген.

«Алаяқтыққа барған азаматша жәбірленушілердің сеніміне кіріп, олардан жеміс-жидек және балық өнімдерін алған, алайда аталған заттардың ақшасын бермеген. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 6,9 млн теңгені құрайды. Криминалдық полиция қызметкерлерімен «Anti fraud» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында 37 жастағы күдікті әйелді ұсталды», — делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған