Понедельник, 25 ноября, 2024

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасына 3,5 млрд теңге бөлінді

Басым бөлігі құс, өсімдік шаруашылығын дамытуға ден қоймақшы. Сондай-ақ, кооперативтерді жабдықтауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бас-аяғы 2772 жоба жүзеге асуы тиіс, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ақтөбе облысындағы «Ауыл аманаты» жобасының бір ерекшелігі — мал шаруашылығын дамыту үшін ірі шаруа қожалықтары есебінен тауарлық несие беру. Яғни, шаруалар тауарлық несиеге берген малын ақшалай емес, төл есебінен қайтарады. Қазір 38 жеке қосалқы шаруашылыққа 19 шаруашылық есебінен 577 бас мал беріпті.

Сонымен қатар, несие алушы жеке қосалқы шаруашылықтар ауылшаруашылық өндірістік кооперативтеріне бірігу арқылы қызметін жүзеге асыра алады. Бүгінде 12 ауданнан құрамында 155 қатысушысы бар 27 кооператив тіркелген.

«Ауыл аманаты» жобасы аясындағы бағдарламаның іске асырылуын бақылау үшін жауапты адамдар бекітілген. Оның құрамында облыстық басқарма басшылары, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған