Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған жүргізуші адамдарды қағып кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Оқиға 2 тамыз күні сағат 21:30 шамасында болған. Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті.
Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды.
«ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр»,-делінген хабарламада.