Среда, 27 ноября, 2024

Ақтөбе облысында көлік аударылып кетті: 3 жасар бала көз жұмды

Ақтөбе облысында көлік аударылып кетті. Салдарынан оқиға орнында 3 жасар бала көз жұмды, – деп хабарлайды Arda-ақпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

8 желтоқсанда сағат 17:30-да Самара – Шымкент автожолында Toyota Camry автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласы жағынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып рөлді басқара алмай, жыраға аударылған.

ЖКО салдарынан жүргізуші Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілді, ал 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сот-медициналық және автотехникалық сараптама тағайындалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жолдарда белгіленген тәртіп ережелерін сақтауды, бір-біріне жол беруді ескертеді.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған