Среда, 27 ноября, 2024

Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза тапты, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 21 ақпанда Самара-Шымкент автожолының 938 шақырымында болған.

«Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кетіп, қарсы бағыттағы Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі – 29 жастағы әйел Әйтеке би ауданының ауруханасына жатқызылды. Ал көліктегі жолаушылар, яғни жүргізушінің 31 жастағы жұбайы және 2017, 2015 және 2020 жылғы кәмелетке толмаған үш баласы алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған