Вторник, 26 ноября, 2024

Ақтөбе облысындағы шахтада жұмысшы қайтыс болды

Ақтөбе облысындағы шахталардың бірінде жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға Мұғалжар ауданы аумағындағы алтын өндіретін «Юбилейное» кен орнында болған, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

Облыстық Еңбек инспекциясы өкілдерінің мәліметінше, жер астында 4 жұмысшы болған. 48 жастағы электрик тоқ сымдарын жалғап жатқан кезде оны ауыр экскаватор жаншып кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.

Әріптестері дереу жоғарыға шығарғанмен, алған жарақаты өте ауыр болып, жұмысшы қайтыс болды. Машинист оны қараңғыда көрмей қалғанын айтқан.

Оқиғаның себеп-салдарын арнайы комиссия тексеріп жатыр. Экскаватор жүргізушісінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған