Вторник, 26 ноября, 2024

Ақтөбеде арбаға таңылған ер адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Ақтөбеде мүгедектер арбасына таңылған ер адамды көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Бұл туралы ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов брифингте мәлімдеді.

«46 жастағы ер адамға қауіп төніп, зорлық-зомбылық көрсетілді. Оны шымкенттік ерлі-зайыптылар қайыр сұрауға мәжбүрлеу үшін алып келген. Күн сайын таңертеңнен кешке дейін базар аумағында және жұма күндері мешіттердің жанында ол қайыр сұрады», – деді спикер.

Мүмкіндігі шектеулі азамат күніне шамамен 5-6 мың теңге табыс тапты.

«Күдіктілер барлық ақшаны өздеріне алып алатын. Осы факті бойынша ҚР ҚК 128-бабы “Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленуші дағдарыс орталығына орналастырылды», – деді Нұрмағамбетов.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған