Четверг, 28 ноября, 2024

Ақтөбеде бір түнде үш адам өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде 2023 жылғы 24 сәуірге қараған түні үш суицид болды – екі әйел «Ақтөбе ажары» тұрғын үй кешенінің 19-қабатынан, тағы бір ақтөбелік қыз Әбілқайыр хан даңғылындағы тоғыз қабатты үйден секіріп кетті, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Аktobe_times Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, қайтыс болған қыздар туралы алғашқы хабарлама әлеуметтік желілерде бүгін, 24 сәуірде тарады. Екеуі түнгі 1:00 шамасында 19-қабаттан секірген.

112 «в» үйдегі тұрғындардың айтуынша, олар түнде қатты дыбыс естіген, сонан соң көлік дабылы қосылған.

«Құлаған жерге құм сеуіп қойыпты. Жақын жерде тұрған жол талғамайтын көлікке де соққы тисе керек, алдыңғы терезесіне брезент, ал капотына жайма жауып қойыпты», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сол түні тағы бір ақтөбелік өз-өзіне қол жұмсағаны белгілі болды.

«Қыз Әбілқайыр хан даңғылы, 89 мекенжайындағы тоғыз қабатты үйден секірген», — делінген хабарламада.
Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Ақтөбе облысының полиция департаментіне жүгінді.

«24 сәуір сағат 01:48 шамасында Жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты», — деді Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған