Пятница, 29 ноября, 2024

Ақтөбеде Димаш Құдайбергеннің фан-аймағы ашылады

Ақтөбедегі «Өнер орталығында» Димаш Құдайбергеннің фан-аймағы ашылады. Өнерлі жастардың дамуы үшін бар жағдай жасалмақ, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Ақтөбе облысында биыл технопарк ашылады. Сонымен бірге, осы айда Креативті орталық жұмысын бастайды. Мұндай орталық қаланың бес аймағында ашылады.

«Кревтивті орталық үзіліссіз жұмыс істейді. Оның ішінде әлемнің жарық жұлдызы, еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергенге арналған фан-аймақ ұйымдастырылып, шығармашыл жастар қолдауға ие болады. Фрилансер, тиктокер саласын меңгерген жастарға жол ашылады», — деді облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Қонақбаев.

Айта кетейік, өңірде жастардың саны 285 мыңнан асады. Жастарды баспана, жұмыс, сапалы білім мен жаңа бастамаларды қолдау жағы алаңдатады. Өткен жылы оларды баспанамен қамту мақсатында Отбасы банк пен әкімдік «Ақтөбе жастары» бағдарламасын іске асыра бастады. Барлығы 600 млн теңге бөлінді. Қазіргі кезде құжат қабылданып жатыр. Ал, жұмыссыздық деңгейі 2,7% болды. Еңбек маусымында 4 506 жас жұмыспен қамтылды. 2021-2022 оқу жылдары жоғары оқу орнын бітірген 6 124 түлектің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 72%.

«Ұлыбританияның әйгілі Хериот-Уатт университеті Жұбанов университетінің базасында техникалық мамандықтар бойынша магистратура бағдарламасын ашады. Өңірдегі жоғары оқу орындарында 4 580 орынға арналған 12, колледждерде 3 970 орынға арналған 27 жатақхана бар. Студенттердің жатақханаға сұранысы толығымен қанағаттандырылды», — деді Серік Қонақбаев.

Ақтөбеде талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы ұйымдастырылды. Облыс жастары «Білім және ғылым», «Мәдениет және өнер», «Бизнес және кәсіп», «Медиа», «Ақпараттық технологиялар», «Волонтерлік» бағыттары бойынша 103 жоба таныстырылды. Жобалардың ішінде 30 жеңімпаз үздік деп танылып, 300 мың теңге көлемінде грантқа ие болды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған