Четверг, 28 ноября, 2024

Ақтөбеде ер адам алаяқтарға 16 млн теңгесін беріп жіберген

Ақтөбеде мұнай компаниясының акцияларын сатып алмақ болған ер адам алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Белгілі болғандай, жәбірленуші ғаламтордан мұнай компаниясының акцияларын сату туралы хабарландыруды көрген. Ол көрсетілген сілтемені басу арқылы жеке деректерін қалдырған, артынша оған сарапшымын деп бір адам хабарласқан.

Алаяқ жәбірленушінің деректері арқылы оның депозиттен жинаған ақшасын «сыпырып» алғанымен қоймай, оның атынан несие де рәсімдеп тастаған.

«9 сәуірде Ақтөбе қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық құрбаны болғаны туралы арызданған. Арызданушы интернеттен мұнай компаниясының акцияларын сату туралы хабарландыруды көргені белгілі болды. Осы сілтеме бойынша ол өз деректерін қалдырады, содан кейін оған «сарапшы» байланысқа шығады. Арызданушыны адастырып, бейтаныс азамат оның деректерін алып, банктердің бірінің өтініші арқылы депозиттен жинақ ақшасын алып, несие рәсімдеген. Келтірілген шығын 16 миллион теңгеден асады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігі «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, — деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов.

Полиция әртүрлі сайтқа банк картаңыздың деректерін енгізбеуді еске салады, себебі ондай жүйелер жеке ақпаратты жинау үшін арнайы құрылған, ол деректер кейінірек банк картасынан рұқсат етілмеген төлемдер алу үшін қолданылуы мүмкін.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған