Ақтөбеде әлеуметтік желі арқылы халықты наразылық шеруіне шығуға шақырған 4 азамат жазаланды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Дерекке сүйенсек, олардың бірі 4 күнге қамалған, қалғандары айыппұл арқалапты. Яғни өңірдегі тұрғандардың бірі, белсенді Ахмет Сәрсенғалиев инстаграм парақшасы арқылы халықты 1 мамыр күні наразылық шеруіне шығуға шақырған. Бірақ жергілікті әкімдіктен рұқсат алынбаған үндеу үшін ол заң бұзды деп айыпталып, 4 күнге қамауға алынды. Қоғам белсендісі өз кінәсін мойындаған жоқ.
Дәл осындай үндеумен айыпталған Айнагүл Түбетова айыппұл арқалады. Ол да фейсбук парақшасы арқылы 1-мамыр күні шеруге шығу туралы мәлімдеме жасаған. Осылайша сот оған 241 мың теңге мөлшерінде айыппұл салып отыр.
Сонымен қатар белсенділер Әлмира Қуатова мен Бауыржан Маратұлы заңсыз наразыққа үндегені үшін сот 172 500 теңге мөлшерінде айыппұл салды.
Дей тұрғанымен олардың ешбірі де өз кінәларын мойындамады.