Вторник, 26 ноября, 2024

Ақтөбеде ломбардқа шабуыл жасаған азамат 1 млн теңге ұрлаған

15 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы ломбардтарының біріне қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Аталған күні кешке ломбард ғимаратына медициналық бетперде мен күн көзілдірігін киген белгісіз адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен кассадан 1 млн теңге сомасында ақша қаражатын ашық ұрлап, белгісіз бағытта қашып кеткен.

«Полиция қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша 42 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша үстау изоляторына қамалды», — делінген хабарламада.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған