Пятница, 29 ноября, 2024

Ақтөбеде мектеп автобусы жүк көлігімен соғылып, бір адам көз жұмды

Ақтөбеде мектеп автобусы қарсы жолаққа шығып, жүк көлігімен соқтығысты. Салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 28 желтоқсан күні сағат 20:00 шамасында болды. Ақтөбе-Астрахань тасжолының Темір ауданы Жақсымай ауылының маңында «ПАЗ» маркалы мектеп автобусының 62 жастағы жүргізушісі екінші қарсы жолаққа шыққан кезде негізгі жол бойымен келе жатқан көлік құралына жол бермеген.

«DAF» жүк көлігімен соқтығысқан кезде автобус жүргізушісі алған жарақаттарынан сол жерде мерт болды. Автобус салонында жүргізушіден басқа ешкім болмағаны анықталды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды«,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған