Среда, 27 ноября, 2024

Ақтөбеде жол апатынан шетелдік қаза тапты

26 тамыз күні сағат 14:00-де MAN-TGX жүк көлігін жүргізіп келе жатқан 24 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы Самара-Шымкент автожолының Қызылорда облысының шекарасына жақын жерінде, жолдың қарсы қозғалысқа арналған жағына шығып, Ресей Федерациясының 51 жастағы азаматының басқаруындағы Lada Largus автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.

Салдарынан Lada жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, оның кәмелетке толмаған жолаушысы түрлі жарақаттармен Ырғыз ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған