Ақтөбе облысында боран соғып тұр. Салдарынан Самара-Шымкент тас жолында 11 көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
Ақтөбе облысында қазір бірнеше бағытта жол жабылды. Олар Самара – Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылынан БҚО аумағына дейін, Бекқұл баба – Қарабұрақ ауылдарының аралығы.
Сонымен бірге Ақтөбе-Орск, Ақтөбе-Орынбор трассасында да боран күшейді. Ақтөбе-Атырау бағытында да көлік қатынасына шектеу қойылды. Самара-Шымкент тасжолының Маржанбұлақ ауылы маңында 11 автокөлік соқтығысты.
«Болжам бойынша боран салдарынан жол мүлде көрінбей қалған. Зардап шеккендер жоқ, алайда көліктер бүлінді. Ақтөбе облысының полицейлері жол қозғалысы кезінде жылдамдықты, арақашықтықты сақтауды ескертеді. Көктайғақ кезінде көлік құралдарының жүргізушілері кенеттен маневр жасамауы тиіс.Ал жаяу жүргіншілер жолдан өту кезінде жақын маңда автокөліктің жоқ екеніне көз жеткізуі керек. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы барлық автожолдар жабық», — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.