Танымал ақын, журналист Серік Қалиев қайтыс болды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында дінтанушы, журналист Ардақ Байғабыл жазды, деп хабарлайды ARDA-AKPARAT.
«Жатқан жері жайлы болсын ағамыздың. Бүгін Қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын Сізді ағау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды»,-деп жазды ол.
Серік Қалиев – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында туған. Айтыскер ақын.
1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген.
Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағына («Жалын» ) енген.