Среда, 27 ноября, 2024

Арал өңірінде күн электр станциясы салынбақ

Жобаны Арал ауданында орналастыру жоспарланып отыр. Күн электр станциясы үшін 50 га аумақ бөлінбек. Келісімшарт бойынша жоба 2024 жылы іске қосылады, деп хабарлайды Arda-ақпарат.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өңірлік директоры Мұрат Балабаевтың айтуынша, күн электр станциясының құрылысы өңірге инвестиция тартуға, жұмыс орындарын ашуға, электр энергиясы тапшылығының бір бөлігін жабуға, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын CO2 шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысында қуаты 89 Мвт-ты құрайтын 9 күн электр станциясы жұмыс істейді.

«Осы жылдың 9 айында жаңартылатын энергия көздері объектілерімен өндірілген электр энергиясының көлемі 3,9 млрд кВт-сағатты құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артты. ЖЭК-тің үлесіне елімізде өндірілген барлық электр энергияның 4,6%-ы тиесілі», — делінген баспасөз хабарламасында.

Айта кету керек, республикада жиынтық қуаты 2388 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің 130 нысаны бар.

Өзге де өзекті мақалалар

Көп оқылған